Қазақстанда тал мен көшет бағасы қанша

Қазақстанда тал мен көшет бағасы қанша
06:39, 26 Апр.

Еліміздің өңірлерінде жеміс ағаштары мен көкөніс көшетінің бағасы арасындағы айырмашылық рекордтық көрсеткішке жетті. Бау-бақша баптайтындар мұны анық сезінері сөзсіз, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің тілшісі. Қазіргі кезде бау-бақша маусымы басталып жатыр.

Соған сай жеміс ағаштары мен түрлі көкөніс көшетіне сұраныс артары белгілі. Өңірлерде баға әртүрлі болып тұр. Соның ішінде алма және қарақат ағашы мен қызанақ, бұрыш, баялды және қырыққабат көшітінің бағасын біліп, салыстырдық.

Жеміс ағаштарының бағасы айтарықтай жоғары. Ең арзаны еліміздің оңтүстігінде сатылып жатыр. Мәселен Шымкент қаласында баға 300 теңгеден, ал Тараз, Түркістан мен Қызылордада 500 теңгеден басталады. Ақтау (800 теңгеден басталады) мен Ақтөбеде де (1 000 теңгеден басталады) баға өзге өңірлерге қарағанда қолжетімді.

Орташа көрсеткіш Алматы (1800–9000 теңге), Қостанай (1500–3000 теңге), Көкшетау (2000–4000 теңге) және Атырау (1500–5000 тенге) қалаларында тіркелді. Бұл қалалардағы баға бір-бірінен алшақ емес.

Баға еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында жоғары. Өскемен, Семей мен Жезқазғанда жеміс көшеттерінің құны 12 мың теңгеге дейін жетті. Бұл еліміз бойынша ең жоғары баға. Астана, Қарағанды мен Орал қалаларында көп дегенде 10 мың теңге болса, Петропавлда ең арзаны 3 500 теңгеден басталып, 10 мыңға дейін жетеді.

Демек, ең арзаны мен ең қымбатын салыстырғанда баға арасындағы айырмашылық 40 есе болып тұр. Жеміс ағашының құнына климаттық жағдай, логистика шығыны мен көшетті баптау қиындығы әсер етіп тұр.

Яғни бау-бақша маусымы кезінде жеміс ағаштарын сатып алу қалтаға күш салады. Ал көкөніс көшеттеріне таңдау көп және бағасы да әлдеқайда қолжетімді. Ең арзаны Тараз қаласында сатылып жатыр.

Мұнда әр көшетті 25 теңгеге сатып алуға болады. Алматы қаласында 50 теңгеден басталса, Шымкентте 80 теңге, Астанада 90 теңге және одан жоғары. Баға төмен, себебі бұл қалаларда жергілікті өндірушілер бар. Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан, Көкшетау мен Қызылорда қалаларында баға 100-300 теңге аралығында.

Ал Қонаев қаласында және Оралда 400 теңгеге дейін жетеді. Көкөніс көшетінің бағасы Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей, Жезқазған мен Талдықорғанда жоғары. Мұнда әр данасы 500 теңгеден басталады.

Қостанай қаласында баға 80 теңгеден басталып, кейбірі 500 теңгеге жетеді. Баға көкөніс сұрпы мен өнім сапасына қарай өзгеріп отырады. Нарықты саралай келе, Қазақстанда көкөніс көшеттерінің (қызанақ, бұрыш, қырыққабат) бағасы орта есеппен 150-500 теңге аралығында екенін білдік.

Еліміздің оңтүстік өңірлері, оның ішінде Шымкент, Тараз, Түркістан, Қызылорда қалаларында жеміс ағаштары мен көкөніс көшеттерінің бағасы төмен болып шықты. Ал солтүстік, орталық және шығыста, оның ішінде Астана, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей қалаларында баға жоғары.

Оған климат, маусымдық сұраныс, жеткізуші мен жергілікті өндірушілер тікелей әсер етеді. Яғни бау-бақша баптайтындарға өңірдің қайда орналасқаны тікелей маңызды. Кейде бағаны салыстырып, шығынды қысқартуға да болатынын ұмытпаған жөн.

Бұған дейін еліміздегі қияр мен қызанақ бағасын білдік. Сообщение Қазақстанда тал мен көшет бағасы қанша появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Рубрика: Театры и Музыка. Читать весь текст на zhambylnews.kz.

 

«НЕФТЧИ»НИНГ ШОНЛИ ТАРИХИ Футбол ишқибозлари «Нефтчи»нинг бугунги муваффақиятлари, ғолибона қадамлари Фарғона футболига берилган омад натижаси, деб баҳоламоқдалар....

Әр азамат үшін маңызды сәт Осындай форматтағы кездесулердің бірі бүгін «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына қарасты «Zhambyl Invest» фронт-офисында...

Өңірде жемқорлық тәуекелерін жою шаралары қарқынды түрде жүргізілуде Осы бағытта ҚР Мемлекеттік қызметі істері агенттінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көзде...

Prezident qator hokimlarni ishdan olishni buyurdi Kecha, 24-aprel kuni Prezident Shavkat Mirziyoyev raisligida birinchi chorak ko‘rsatkichlarini tarmoq va hududlar kesimida tanqidiy tahlil qilish va ...

Qizlarda gormonal o‘zgarishlar kuzatilganda, ushbu mahsulotlarni yeyish tavsiya qilinadi Gormonal fon birgina kayfiyatning tez-tez o‘zgarishi yoki hayz sikli bilan bog‘liq masala emas. Gormonlar vazn, teri holati, uyqu sifati, energiya da...

Ресейге қарсы 20-шы санкциялар пакеті: Еуропа ең ауыр жерден соққы беруде ЕО-ның 20-шы санкциялар пакеті енді жай саяси сигналдар туралы емес — бұл Ресейдің бүкіл экспорттық жүйесінің «тынысын» тарылтуға бағытталған әрекет....

Туапсе өртеніп жатыр: соғыс мұнай қалаларын экологиялық қатерге қалай айналдырады Неге инфрақұрылымға соққылар — тек майдан емес, табиғатқа да соққы Туапсе қаласындағы оқиғалар қазіргі заманғы қақтығыстардың қалайша өндірістік инфр...

Zal Yusifovun oğlunun işi: “55 min manat behim batdı” Bu gün Bakı Ağır Cinayətlər Məhkəməsində hakim Elnur Nuriyevin sədrliyi ilə dələduzluqda ittiham olunan Yusifov İslam Zal oğlu və tanışı İlham Abbaso...

SSRİ dövründə fəxri ad alanlara ŞAD XƏBƏR – Təqaüd verilir? SSRİ dövründə mədəniyyət, incəsənət, elm, əmək və digər sahələrdə fərqlənən şəxslərə SSRİ miqyaslı “Xalq artisti”, “Xalq rəssamı”, “Əməkdar müəllim”,...

Көгалдандыру керуені: Алматы облысы жыл сайын 220 мың ағаш егеді Алматы облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды шара өтті...

Телекөпір серпіні: Абай облысында тазалық акциясына 5 мың адам қолдау көрсетті Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен республикалық телекөпірге